Басқару

Қазақстан мен Польша автомобиль тасымалдарына қосымша рұқсат бланкілерімен алмасты

Варшава қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі және Польша Республикасы Инфрақұрылым және даму министрлігі өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлады ИДМ.
Астана қаласы29 Қазан , 20:03

Кездесу барысында 1997 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім шеңберінде Қазақстан мен Польша арасында халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Польша арасында автомобиль көлігімен тасымалданатын жүк көлемі өсімінің тенденциясы белгіленген. Статистикаға сәйкес 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы тасымалдар көлемі 34%-ға өсті (2012 жылы – 104,3 мың тонна,в 2013 жылы – 157,8 мың тонна және 2014 жылы – 158,5 мың тонна). 

Кездесу барысында қазақстандық тасымалдаушылардың қажеттілігін ескере отырып автомобиль тасымалдарына қосымша рұқсат бланкілерімен алмасу жүзеге асырылды, сондай-ақ 2016 жылға рұқсат бланкілерімен алмасудың алдын ала квотасы орнатылды.

Кездесудің соңында қазақстандық тарап Польшалық әріптестеріне Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады және Министрлік қызметкерлері мен Польша тасымалдаушыларын аталған шараға қатысуға шақырды. 




Яндекс.Метрика