Өңірлер

"Нұр Отан" партиясының Қостанай облыстық филиалында тілдерді дамыту мәселелері талқыланды

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Кеңесте жуырда өнер, мәдениет және тілдерді дамыту мәселесі бойынша «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Осы отырыста Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселелері қаралды.
Қостанай29 Қазан , 15:37

Облыс әкімдігі хабарлағандай, отырыстың  жұмысына «Нұр Отан»  партиясының  Қостанай  облыстық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары  Ә.С.Сапарова, Қостанай  облысы  әкімдігінің  тілдерді  дамыту  басқармасының  басшысы  Ж.Ж.Үмбетов, мемлекеттік  органдар, жоғары  оқу  орындары, бұқаралық  ақпарат  құралдары және  кәсіподақтар  өкілдері  қатысты.

Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  іске  асыру  барысы  туралы  Тілдерді  дамыту  басқармасының  бөлім  басшысы  К.Ә.Бимағанбетов  баяндады. Әкімдікпен  «Нұр Отан»  партиясы  Қостанай  облыстық  филиалының  бірлескен «Тіл тазалығы үшін» акциясының  қорытындылары  туралы  қатысушыларға  тілдерді  дамыту  басқармасының  ономастика  және  көрнекі  ақпараттық  мониторингі  бөлімінің  басшысы  Ж.Б.Науразбаев  хабарлады. Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  мемлекеттік  тілдің  қолданылуы  туралы  жағдайымен  облыстық  «Қостанай  таңы» газеті бас  редакторының  орынбасары Ж.Т.Кәкімжан  таныстырып  кетті.

Отырыс  барысында «Мирас»  қоғамдық кеңесінің  мүшелері  «Нұр  Отан»  партиясының  Орталық  аппаратына  және Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Мәжілісіне  бір  қатар  ұсыныстар  әзірледі.

Қостанай  қаласы  әкімдігінің  мемлекеттік  органдарына  визуалды  ақпарат  пен көрнекі  насихат  құралдарын  заңнама  талаптары  мен  әдеби  тіл нормаларына  сәйкестендіру  туралы  ұсыныс  енгізілді.

Сондай-ақ, осы  мәселені  2016 жылдың  I тоқсанында  қайта  қарастыру  туралы  шешім  қабылданды.  

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика