EXPO-2017

А.Есімов: Қазақстан – ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш ел

Қазақстан – ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш ел, деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Астанадағы VI халықаралық инвестициялық форумында.
Астана қаласы29 Қазан , 11:41

«Қазақстан – ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш ел. ЭКСПО-2017 көрмесі « жасыл «энергетика саласында  өзекті мәселелерді талқылаудың әлемдік алаңына айналады. Көрме елдің бірегей және көп жақты жобасы болып табылады. Ол экономикалық әлеуеттің ашылуына септігін тигізеді», - деді А.Есімов.

Ол атап өткендей, ЭКСПО-2017 тек халықаралық көрме ғана емес, елдің әр түрлі саласына инвестиция тартатын ірі инвестициялық алаң.

«Бүгінгі таңда 49 ел өзінің қатысуын растады, біз 100 ел қатысады деген үміттеміз. Бұл қаланың әлемдік аренадағы орнын жақсартып, оның туристік тартымдылығын арттырып, елорданың технологиялық дамығандығын паш етеді», - деді А.Есімов.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика