Парламент

Сенат Қазақстан мен Мажарстан арасындағы құқықтық көмек туралы шартты қабылдады

Бүгін Сенат «Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңды қабылдады.
Астана қаласы29 Қазан , 11:14

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов баяндағандай, осыған дейін Мажарстанмен қылмыстық қудалау саласындағы үш шарттың екеуі ратификацияланды.

«Бұл соңғы үшінші келісім. Яғни, осы елмен қажетті құжаттардың барлығына қол жеткіздік. Бұл жоба да тап Монакомен жасалған шарттай қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде қажетті тергеу амалдары белгіленген. Екі жақтың ішкі заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да шаралар іске асырылуы мүмкін. Егер бір тарап көмек көрсетуден бас тартып жатса, онда ол өз шешімін негіздеп, ресми түрде хабарлау міндетін мойнына алып отыр», - деді Ж.Асанов.

Қазіргі таңда Мажарстан мемлекеті де шартты ратификациялау бойынша тиісті рәсімдерді жүргізіп жатыр. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 22 елмен осындай құжатқа қол қойылған.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика