Инвестициялар

Б.Сағынтаев: ҚР Үкіметі АӨК саласында инвестициялық ахуалды жетілдіруде

Қазақстан Үкіметі агроөндірістік кешенде инвестициялық ахуалды жетілдіру үшін бірқатар шараларды қабылдауда, деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанадағы VI халықаралық инвестициялық форум барысында.
Астана қаласы 29 Қазан, 11:08

« «Astana Invest» форумы – мемлекетіміздің іскерлік саласында маңызды оқиғаға айналды. Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Есебі бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан өзінің өткен жылғы орнын 8 тармаққа жақсартып, әлемнің 140 елі арасында 42-орынды иеленді. Бұл біз үшін рейтингтегі ең үздік көрсеткіштердің бірі. Мақсатты көрсеткішке бірқатар шаралар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы жеткізілді. Ол жалпы шығынның 30 пайызын қайтару, КҚС босатылды, заң және мүлік  салығынан босатылып, өзге инвестициялық  ынталандыру шаралары нәтижесінде жеткізілген көрсеткіш», - деді Б.Сағынтаев.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары айтып өткендей, Үкімет агроөндірістік кешенде инвестициялық ахуалды жетілдіру бойынша барлық шараларды қарастыруда.

«Мәселен, біз шетелдік инвесторлар үшін жерді жалға беру уақытын 25 жылға дейін ұзарттық. Осы жылы АӨК қолдау жүйесін түбегейлі өзгертуге бел будық. Субсидиялар мен шығындарды қысқарту шешімі қабылданды. Артылған қаржыны инвестициялық шығын мен техника лизингі  және пайыздық қойылымдарға бағыттайтын боламыз», - деді Б.Сағынтаев.

Ботагөз Айтжанова 

 





Яндекс.Метрика