Инвестициялар

Астанада VI халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр

Астанадағы VI халықаралық инвестициялық форумға 30 елден 3 мың адам қатысады.
Астана қаласы29 Қазан , 10:28

VI халықаралық инвестициялық форум Астананың әкімшілігі мен Қазақстанның бизнес жобаларының қатысушылары және әлемдік нарық ойыншыларының  расында конструктивті диалог орнату үшін жүзеге асырылып отыр.

Шараның басты міндеттерінің тізімінде – шетелдік инвесторларды тарту, өндірістік активтерді дамыту, жаңа жобалардың ашылуы. Форум аясында индустриялды парктер мен өндіріс аймақтарын насихаттайтын «Астанада жасалған», «Smart Астана», «Астана EXPO-2017», «Заманауи қалалық көлік»  көрмелері өтіп, елорда кәсіпкерлерінің инвестициялық жобалары туралы ортақ стенд орнатылды.

Көрмеде  Инвесторларға қызмет көрсету жеке павильоны орнатылды. Айта кетерлігі, тұңғыш рет қазақстандық  инвестициялық форумның ақпараттық серіктесі болып әлемдік ірі медиа-холдинг «CNN International» болып отыр.

Ең басты рөлді ағылшын тілді «fDi» журналының бас редакторының  Астанаға 20 еркін экономикалық аймағы бар қалалардың қатарына қосатын сертификаттың  табыстауы  атқармақ.

Шара барысында қазақстандық шетелдік компаниялар арасында 1,99 млрд доллардың меморандумына қол қою жоспарланған.

Айта кетейік, «Astana Invest» инвестициялық форумы  6-шы рет қатарынан өтуде. 2015 жылға дейін шара Астана экономикалық форумы аясында өткен болатын. Шараның кеңеюіне орай дербес «Astana Invest – 2015» V I инвестициялық форумын өткізу шешімі қабылданды. Шараға 30 елден 3 мың адам қатыспақ.

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика