Өңірлер

Теміртауда өнеркәсіп өнімінің көлемі 265,5 млрд теңгені құрады

Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіп өнімінің негізгі көлемі Теміртауға тиесілі, өңірде көрсеткіш 265,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды29 Қазан , 14:32

Облыстың статистика департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылғы І жартыжылда өнеркәсіп өнімінің негізгі көлемі Теміртауда (265,5 млрд.теңге), Қарағандыда (187,6 млрд. теңге), Балқашта (169,2 млрд. теңге) және Жезқазғанда (133,6 млрд. теңге) өндірілді.

Оларға өндірілген өнеркәсіп өнімінің облыстық көлемінің 79,3%-ы тиесілі. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндіріс көлемінің өсуі Ақтоғай ауданында (17,2 есе), Жезқазғанда (2,2 есе),  Сәтбаевта (54,5%), Жаңаарқа (34,1%) және Бұқар жырау (30,4%) аудандарында, Приозерде (25,2%), Осакаров ауданында (6,1%), Абай (2,1%) және Ұлытау (0,9%) аудандарында, Балқаш қаласында (0,3%) байқалды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының өсуі облыстың 15 өңірінде байқалды. Төмендеу Абай, Нұра және Осакаров аудандарында байқалды. Облыстың өнімді (қызметті) жалпы шығарудың жалпы көлеміндегі айтарлықтай үлес салмақты Бұқар жырау – 17,7%, Шет – 13,4%, Абай – 10,8% және Қарқаралы – 10% аудандары алады.

Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі облыстың 6 өңірінде байқалды. Оған қоса, ең көп өсім Осакаров ауданында (2,1 есе) және Шахтинскіде (1,5 есе) байқалды.

Негізгі капиталға инвестициялық салымдар көлемінің өсуі ағымдағы жылғы 9 айда  Қарағанды, Теміртау, Нұра және Ұлытау аудандарында игерілді. Оларға негізгі капиталға инвестициялардың облыстық көлемінің 58,5%-ы келеді.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек тауар айналымының айтарлықтай көлемі Қарағандыға келеді – 315,3 млрд. теңге немесе өткізудің облыстық көлемінің 76%-ы. Теміртау және Жезқазғанға өткізудің облыстық көлемінің 9,3% және 4,4%-ы тиесілі. Қалған өңірлердің үлесі 2,9%-дан (Балқаш) 0,05%-ға дейін (Ұлытау ауданы) ауытқиды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика