Ұлттың денсаулығы

ШҚО-да медицина қызметкерлерінің мәселесі талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өңірдегі бірқатар медициналық мекемелерді аралады, онда кездесу барысында ұстаздармен және студенттермен бірлесіп аймақтағы медициналық білім сапасы, қолжетімділігі және медициналық қызметкерлердің деңгейі талқыланды, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 29 Қазан, 10:24

«Авиценна» медициналық колледжінде «Емдеу ісі», «Медбикелік іс», «Фармация», «Ортопедиялық тіс емдеу», «Акушерлік іс» мамандықтары бойынша 400-ге жуық студент білім алуда. Оқу орны басшылығының айтуынша, студенттерге  еңбек нарығындағы сұраныс өте жоғары, олар жақсы дайныдалған мамандар ретінде беделге ие және бүкіл әлем бойынша Ресей, АҚШ, Украина, Излаиль елдерінде зертханашы, акушер, фельдшер, медбике ретінде жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Жақсылық Омар сапары аясында Семей қаласындағы мемлекеттік медициналық университеттің студенттерімен және ұстаздарымен кездесті. Оқу орнының Павлодар және Өскемен қалаларында жеке клиникалық базасы және филиалдары бар. Оларда Үндістаннан, Пәкістаннан, Қытайдан және Моңғолиядан келген студенттер білім алуда. Ал, диплом алғаннан кейінгі білім алу интернатура, резидентура, магистратура,  PhD доктарантура бағдарламалары бойынша жалғасуда. Барлық оқу бағдарламасы Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының бағдарламасына сай келеді.

Айта кетерлік жайт, медициналық мекемелердің жоғары деңгейдегі инфрақұрылымы білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуеттің айтарлықтай өсімін қамтамасыз етті.





Дерекнама

Яндекс.Метрика