«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Нұрлы жол: Павлодар облысының негізгі капиталына құйылған инвестиция 9 ай ішінде 293,3 млрд теңгені құрады

Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі жағынан оң серпін байқалады – 9 ай ішінде облысқа 293,3 млрд. теңге тартылды, бұл 2014 жылғы деңгейден 37,2%-ға артық, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар29 Қазан , 10:09

Салымдардың жартысынан көбі немесе 55,6%-ы өңдеу өнеркәсібіне, 19,0% - электрмен қамтамасыз ету саласына және 13,1% - көлік және сақтау секторына тиесілі.

Аумақтар бойынша инвестиция көлемі Май ауданында барынша артып отыр – 3 есе дерлік, (290,4%), Лебяжі ауданында – 1,8 есе (182,7%), Качир ауданында – 1,5 есе (148,0%) және Екібастұз қаласында –1,7 есе (165,6%).

Инвестициялық салымдардың барынша азаюы Баянауыл және Успен аудандарында орын алған. Бұған дәлелді себептер бар, олардың бірі – 2014 жылы инвестициялық салымдар көлемінің жоғары болуы.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 80,6 млрд. теңгені немесе 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 106,2%-ды құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығында – 108,6%, мал шаруашылығында – 104,3%.

Көкөнісшілер 15,9 мың га картоп жинады, жалпы жиналымы 394,6 мың тоннаны құрады, өнімділігі - 249 ц/га; көкөністер – 5,3 мың га, жалпы жиналымы - 152,1 мың тонна, орташа өнімділігі 287 ц/га. 1604,1 мың га шабындық жер шабылды, 1064 мың тонна қатты азық  дайындалды.

2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3,7 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 1,5 млрд. теңге. Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері барлығы 98,8 млрд. теңге сомаға 722 жоба мақұлданды.




Яндекс.Метрика