«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Нұрлы жол: Алматы кәсіпорындары қазақстандық сипатттың үлесін арттыра түсуде

«Қазақстанда жасалған» деген бағыт бойнша мемлекетттік қолдауға ие болған отандық өнім өндірушілер форумы аясында өзара ынтымақтастық жөнінде бірқатар келісімдерге қол қойылды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл шараның Алматыда өтуіінің өзіндік мәнінің және мен қала мен елімізді дамытудағы кәсіпкерліктің рөлі зор екенін айтты.
Алматы қаласы29 Қазан , 09:37

«Біздің Президентіміз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап кәсіпкерлер табының қалыптасуына, соның ішінде кіші және орта бизнестің дамуына айрықша көңіл бөлді. Бұл күрделі міндет, соған қарамастан кәсіпкерлік қанат жайып, көпшілікке қажет өнімдерді шығара бастады. Алматы – көптеген параметрлер бойынша экономиканың драйвері. Мысалы, қалалық бюджет кірісінің 40% дан астамы құрамында жарты миллионға жуық адам жұмыс істейтін кіші және орта кәсіпорындардан түсуде. Бүгінгі күні еліміз бойынша жұмыс істеп жатқан кіші және орта кәсіпорындардың 15% Алматыда», -деді әкім.

Қала басшысы Алматыда жақсы инвестициялық ахуалдың қалыптасқандығын, қазақстандық үлестің артып келе жатқандығын да сөз етті. Осы ретте Б.Байбек «бір терезе» принципі бойынша жүретін рұқсат беру процедураларын жеңілдетуді, кәсіпорындарға қолдау көрсетуді баса айтты. Патронатты кәсіпорындарды қаржыландыру барысындағы көлеңкелі жайттар «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы іс- қимылының назарында болады деді ол.

Әкімнің орынбарасы Е.Аукенов қазақстандық үлеске байланысты қолдау көрсету тек кәсіпорындарға ғана емес мемлекеттік сатып алуға қатысатын мемлекеттік органдарға, қалаға қатысты кәсіпорындарды құратын мемлекеттік компанияларға да қатысты екендігін айтты. Мысалы, Алматы әкімдігі 2009 жылдан бастап тиісті акцияларды өткізіп келеді. Соның арқасында ұлттық компаниялар алматылық бизнес-субъектілермен бірге жалпы құны 65 млрд теңге болатын келісімді жасады. 2009 жылдан бері ол 13 есе өсіп, көлемі 857 млрд.теңгеге жетті,бұл жұмыс жалғасын табуда.Мысалы, биылғы жылдың қазан айында «ЭКСПО-2017»ҰК бірігіп өткен форум барысында алматылық кәсіпкерлер ЭКСПО-ға қатысты шараларды жүзеге асыру мақсатында 10 млрд.теңгеге келісім- шартқа отырды. Мұндай жұмыс алдағы Универсиадаға қатысты салынып жатқан обьектілер бойынша да жалғасын табады..

Қаланың негізгі салалары- қызмет көрсету мен сауданы дамыту үшін әкімдік пен «Даму»қоры бірігіп, қалалық «Жібек жолы» бағдарламасын қабылдаған болатын Бұл қордың жалпы сомасы 4 млрд.теңге. Пилотты жоба Алматыда жүзег аса бастады, бүгінгі күні кәсіпкерліктің 20 субьектілеріне 1 млрд.теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Бұлардан өзге кіші және орта бизнеске қаржылық және заңдылық көмек көрсететін негізгі серіктес болып табылатын «Байтерек» ұттық компангиясы да ауқымды жұмыстарды жүргізуде. Кәскпкерлер палатасы да жүйелі жұмыс жасауда.

Атап өтерлік жайт, бүгінгі форумда қаланың «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС құрылыс материалдарыцна қатысты «DUAL-SP» ЖШС-пен, П «Алматы Тазалык» МҚК «Казлегпром Алматы» ЖШС-пен,«Олжас ЛТД» ЖШС «Hyundai Trans Auto » ЖШС-пен, «Холдинг Алматы Су»МҚК «Спира-Берга»ЖШС-пен, «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС «Темирбетон 1» ЖШС-пен және «AGS стройиндустрия»ЖШС –пен келісімге қол қойды.

 

 




Яндекс.Метрика