Өңірлер

Қызылорда облысында 3 жыл ішінде 19 ауыл клубы пайдалануға берілді

Соңғы үш жылдың көлемінде облыста 19 ауылдық клуб пен 2 музей пайдалануға берілді. Сондай жаңа клубтың бірі Арал ауданы, Сексеуіл кентінде ашылды. Салтанатты шараға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда 29 Қазан, 09:07

«Мұндай мәдениет ордасының ашылуын ауылдың ажарын кіргізіп, өнерге серпіліс деп білемін. Енді ауыл азаматтарының рухани демалып, мәдени шаралар ұйымдастыруына барлық жағдай жасалып отыр. Тек соны тиімді пайдаланып, рухани құндылықтарымызды арттыруға атсалысуларыңыз қажет. Заманауи үлгідегі жаңа клубы бар ауылдан Сыр елінің мерей-мәртебесін асқақтатар талай талантты ұл-қыздардың өсіп-жетілеріне сенімім мол», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Жалпы, бұл ауылда өнерлі өрендер көп. Мәселен, Нұрболат Сейітқалиұлы жақында Түркияда өткен халықаралық «Грация Турции» байқауында І-орынды иеленді. Енді жаңа клубта тәлім алатын жергілікті өнерпаздар бұданда жоғары белестерді бағындыратыны сөзсіз.

Айта кетейік, осы жылдың маусым айында Қамыстыбас елді мекенінде      150 орындық жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілсе, өткен жылы ауданның мәдениет мекемелері облыс бюджетінен бөлінген 94 млн. теңгеге заманауи үлгідегі сандық жүйедегі лед-экран, музыкалық аспаптар, сахналық киімдер, дыбыс және жарық қондырғыларымен қамтамасыз етілді. Жыл аяғына дейін облыста тағы 3 ауылдық клубтың құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика