Инвестициялар

Қазақстанда 2016 жылдан бастап инвесторлар барлық рұқсат беру құжаттарын «бір терезе» арқылы алады

Қазақстанда 2016 жылдан бастап инвесторлар барлық рұқсат беру құжаттарын «бір терезе» арқылы алады, деді Астанадағы Қазақстан-БАӘ бизнес форумы аясында ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров.
Астана қаласы28 Қазан , 19:08

«2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде. Аталмыш механизм инвесторлардың құжат дайындау үрдісіне қатысуын азайтады», - деді Е.Қайыров.

Қазақстанның басым инвесторлары үшін инвесторларға қызмет көрсету орталығы барлық рұқсат ету құжаттарын алып, инвесторларға жұмыс істеу үшін дайын құжат ұсынуға әзір.

«2016 жылдан бастап «бір терезе» арқылы жұмыс істеу барлық инвесторларға қолжетімді болады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика