Парламент

Сенатор Б.Әйтімова Исландия Президентіне Қазақстандағы бастамалар туралы баяндады

2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуға Қазақстан Республикасын ілгерілету жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Арнаулы уәкілі, Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова Исландияда болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Әлемде28 Қазан , 19:53

Сапар аясында Б.Әйтімова Исландия ПрезидентіОлавурГримссонмен, Парламент ТөрағасыЭйнарГудфиннссонмен, СІМ Халықаралық істер және қауіпсіздік жөніндегі бас директоры Й.Валиссонмен кездесті.

 БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдау жөніндегі Мемлекет басшысының жолдауын Президент О.Гримссонға табыс ете отырып, Б.Әйтімова жаһандық тұрғыда ядролық қарусыздануға біздің еліміздің үлесі, оның ішінде Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы, Семей ядролық полигонының жабылуы, төмен байытылған уран банкін құру және басқа да халықаралық бастамалары туралы әңгімеледі. Президент О.Гримссон халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдаудағы күш-жігеріне орай Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа алғыс айтты.

 Б.Әйтімова сондай-ақ Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі өтетіні туралы хабардар етті және оған Исландияны қатысуға шақырды. Исландия жағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын растады және скандинав елдерінің бірлескен алаңын (Nordic Group) ЭКСПО-2017-ге орналастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
 




Яндекс.Метрика