Инвестициялар

Қ.Бишімбаев: Индустриялды сала – Қазақстан мен Жапония ынтымақтастығының басты бағыты (ВИДЕО)

Индустриялды сала – Қазақстан мен Жапония ынтымақтастығының басты бағыты, деді «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Астанадағы Қазақстан-Жапония іскерлік форумында.
Астана қаласы 28 Қазан, 20:07

«Қазақстан мен Жапония ынтымақтастығының басты тақырыбы, индустриялды салада. Жапония айтарлықтай жоғарытехнологиялы ел, сондықтан да бізге олардан машина жасау, уран өндірісі, атом өндірісі, металлургия саласына инвестиция тартқан пайдалы», - деді Қ.Бишімбаев.

Басқарма төарағы айтып өткендей, Қазақстан мен Жапонияның ынтымақтастығы үшін  жақсы мысалдар келтіруге болады, оның ішінде «СарыаркаАвтоӨндіріс»  базасында Toyota Fortuner өндірісінің бірінші желісі ашылды.

«Бұл өндірісті дамыту бойынша бірқатар бағыттар қарастырылған. Болашақта Тойота автокөлігіне арналған өндірісті дайындауды жүзеге асыруға болады деп үміттенеміз», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова 





Яндекс.Метрика