Инвестициялар

Қазақстанда қайта инвестициялау мақсатында инвесторларға жағдай жасау қарастырылуда

Қазақстанның 30 ірі инвесторына қайта инвестициялау шаралары ұсынылуда.
Астана қаласы28 Қазан , 18:29

Біз  инвесторларға Қазақстанда жұмыс істеуге  қайта инвестициялау мүмкіндігі туу үшін қолдау көрсетеміз. Әлемдік статистика бойынша, құйылған инвестициялардың  65 пайызы – қайта инвестициялау, деді ҚР ИДМ инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров Астанадағы Қазақстан-БАӘ бизнес форумы аясында.

«Инвестициялық ахуалдың бір көрсеткіші болып трансұлттық компаниялардың қызығушылығы болып саналады. Бүгінде Қазақстанда 30 ірі инвестор жұмыс істейді. Біз  инвесторларға Қазақстанда жұмыс істеуге  қайта инвестициялау мүмкіндігі туу үшін қолдау көрсетеміз. Әлемдік статистика бойынша, құйылған инвестициялардың  65 пайызы – қайта инвестициялау», - деді Е.Қайыров.

Аталмыш саясаттың қорытындысында комитет төрағасы айтып өткендей, Астанада алкогольсіз шарап өндіру зауыты салынды, оған бірінші кезеңнің өзінде 70 млрд АҚШ доллары құйылды.

«Инвестициялық бәсекелестікті көтеруде елорданың рөлін айтпау кету мүмкін емес.  Астана – экономикалық көлікке, адамзаттық капиталға, инвестиция тартуға арналған, жылдам дамып жатқан қала», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика