Парламент

Сенатор С. Ақылбай мен Мажарстан Елшісі екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Мажарстанның қазақстандағы елшісі Андраш Баранимен кездесті., деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Қазан , 19:23

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылады. Кездесуде аталып өткендей, Қазақстан мен Мажарстан көптеген аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді шешуде ұқсас әдістерге ие.

Екі елді ортақ тарихи және мәдени тамырлар байланыстырып отыр. С.Ақылбай Қазақстанда Мажарстанмен қатынастар мәселесі біздің еліміздің ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып табылатын Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестік тұрығысында қарастырылатынын атап өтті.

Сенат комитетінің төрағасы мажарлық дипломатты Парламенттің заң шығару қызметі, елдегі ішкі саяси жағдай, бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» бағдарламасы туралы хабардар етті.
 




Яндекс.Метрика