Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Е.Қайыров: Қазақстанның бай минералды-шикізат базасы ҚР-да бизнес енгізуге қолайлы (ФОТО)

Қазақстанның бай минералды-шикізат базасы ҚР-да бизнес енгізуге қолайлы. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Әмірліктер бизнес-форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров мәлім етті.
Астана қаласы 28 Қазан, 16:29

«Бизнесті енгізудің қолайлы жағдайларының бірі бай минералды-шикізат базасының болуы. Қазақстан табиғи ресурстардың қоры бойынша 6-шы орында тұр», - деді Е.Қайыров.

«Менделеев кестесінің  118 элементінің 99 элементі Қазақстан аймағында кездеседі. Табылғаны 70,60 қолданылып жүр».

«Табиғи байлықтардың болуы өндірісті құу мен өңдеу саласына көрсетілген қолдау болып табылады», - деді Е.Қайыров.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика