Парламент

Мәжіліс депутаттары Венгрия елшісімен екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Мәжіліс депутаты, Палатаның Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Розақұл Халмұрадов Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Баранимен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 28 Қазан, 17:26

Р.Халмұрадов А.Барани мырзаны Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, табыс тіледі және ол екі арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-ізгілік байланыстарды кеңейте түсетініне сенім білдірді.

Депутат қазақстандық Парламенттің қызметі мен ұлтаралық және конфессияаралық келісімдердің қазақстандық моделінен әңгіме жасады. Өз кезегінде Елші Қазақстанның аймақаралық және ғаламдық мәселелердің шешімін табуға қосып жатқан үлесін айта келе, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне айрықша тоқталды.

 Ізгілік жолындағы істерді тұрақты өркендету мен шешудегі жетістіктерін атап өтті. А.Барни Венгрия «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Қазақстан мен Венгрия арасындағы парламентаралық дипломатиялық байланыстардың ролін арттырудың қажеттілігіне тараптардың мүдделері түйісті.

 Жүздесуге Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Андрей Бегенеев те қатысты.
 

 

 





Яндекс.Метрика