Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда ғарыш аппараттарын құрастыру- сынақ кешенінің құрылысын 2017 жылы аяқтау жоспарланған

Қазақстанда ғарыш аппараттарын құрастыру- сынақ кешенінің құрылысын 2017 жылы аяқтау жоспарланған, деді ОКҚ-да Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев.
Астана қаласы28 Қазан , 16:18

«16 жыл бойы біз бір де бір ғарыш жобасын жүзеге асырмадық, Елбасының ғарыш агенттігін құру туралы жарлығынан кейін 7,5 жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарып үлгердік, оның бірі - ғарыш аппараттарын құрастыру- сынақ кешенінің құрылысы. Жоба басталды, өкінішке қарай, уақыты ұзарып кетті, біз 2015 жылы аяқтауды жоспарлаған едік. Аталмыш нысанның құрылысын 2017 жылы аяқтауды көздеп отырмыз», - деді Т.Мұсабаев.

Оның айтуынша, аталмыш жоба «Air bus» әлемдік компаниясының бөлігі болып есептелетін  атақты француздық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

«ТМД елдері аумағында мұндай нысан жоқ, бір орында ауқымды жұмыстарды жүзеге асыратын нысан салу да жоспарланып отырған жоқ. Біз өзіндік жерсеріктерді әзірлейміз деп үміттенеміз, одан әрі шетелдік тапсырушыларға шығатын боламыз», - деді Т.Мұсабаев.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика