Өңірлер

Ақмола облысында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 200 бас малға арналған тауарлы-сүт фермасы ашылады

Ақмола облысының Атамекен ауылында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жуық арады 200 бас малға арналған тауарлы-сүт фермасы ашылады. 110 бас мал сатып алынды, деп хабарлады әкімдік.
Ақмола 28 Қазан, 17:58

Ақмола облысының әкімі жылқы фермасында болып, жақсы бағасын берді. Облыс басшысы сәйгүліктердің кереметтілігін атап өтті. Сондай-ақ, осы ат спорты түріне балаларды көптеп баулу керектігін айтты.

Сонымен қатар, кәсіпкер ауылда «Сыбаға» бағдарламасы аясында 200 басқа арналған «Атамекен» сүт-тауарлы фермасын құруда. Бүгінде 110 бас әмбебап - симментальді ірі мүйізді қара мал сатып алынған. 

Болат Әбдірахманов өңір басшысына «симментальді» тұқымынан алынған жас малдар жақсы күтімнің арқасында 1200 граммға дейін салмақ қосатындығын жеткізді. Бұл тұқым түрін басқа тұқымдардан сүттің жоғары сапасы ерекшелендіреді, өзге сүтті тұқымдарға қарағанда жоғары майлылығымен айрықша. Ірі қара малға арналған жаңа база салынып, барлығы қысқа толықтай дайын.

«Мен қашанда сіздердің бастамаларыңызды қолдаймын, себебі, мал шаруашылығын дамыту керек », -деді  Сергей Кулагин. 





Яндекс.Метрика