Инвестициялар

ҚР ИДМ: Соңғы 10 жылда БАӘ-ден Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция 2 млрд доллардан асты

Соңғы 10 жылда Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 2 млрд доллардан асты. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Әмірліктер бизнес-форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров мәлім етті.
Астана қаласы28 Қазан , 16:04

«Біріккен Араб Әмірліктерімен екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен инвестициялық әріптестік жоспарға сай дамып келеді. Соңғы он жылда БАӘ-ден тартылған инвестиция көлемі 2 млрд доллардан асады», - деп хабарлады Е.Қайыров. 

Комитет төрағасы атап өткендей, Біріккен Араб Әмірліктерінін компаниялары мұнай өңдеу мен мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және құрылыс салаларында жұмыс істейді. 

«Инвестицияның индустрияландыру, технологиялық деңгейді арттыру ісінде маңызды рөл атқаратынын бәріміз білеміз. Бүгінде Қазақстан өзге елдер секілді инвестиция тарту үшін бәсекелестікке түсуде. Соңғы он жылда мақсатты жұмыс нәтижесінде Қазақстанға 200 млрд доллардан астам тікелей инвестиция тартылды», - деп толықтырды ол. 

«Инвестицияның әлемде 16 пайызға және өңірде 50 пайызға төмендеуіне қарамастан Қазақстан шетелдік инвестиция көлемі бойынша қол жеткізілген деңгейден түспеді», - деп тоқталды Е.Қайыров.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика