Халықаралық интеграция

БАӘ сауда палатасы Қазақстанда инвестицияларды ынталандыруға мүдделі

Қазіргі таңда екі ел арасында сауда айналымы дамуда, біз екі елдің инвестицияларын ынталандыруға мүдделіміз, деді Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Әмірліктер бизнес-форумы барысында Әбу-Даби сауда-өндірістік палатаның президенті Мухаммед ар-Румейси.
Астана қаласы28 Қазан , 15:46

«Біз Қазақстан Республикасымен өзаратиімді экономикалық ынтымақтастық  жүргізуге қызығушылық танытып отырмыз. Бұл орайда сауда-өндірістік палата екі елдің іскерлік ортрасында  сауда саласын амыту үшін қажетті шараларды қолданылатын болады. Араб Әмірлігі Қазақстанмен тығыз байланысты, бұл ынтымақтастық саласына да өзіндік әсерін береді», - деді Әбу-Даби СӨП төрағасы.

Ол атап өткендей, елдер арасындағы инвестициялық жобалар  ынтымақтастықтың дамуына оң әсер беріп, қосымша серпін сыйлайды.

«Қазіргі таңда елдерарасындағы тауар айналымы дамып келеді, екі елдің инвестицияларын ынталандыруға мүдделіміз. Кәсіпкерлер арасындағы  сапар алмасуды қарастырып отырмыз, сауда-экономикалық серіктестік құрудың алғашқы қадамы», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика