Парламент

Қ.Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президентімен кездесті

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Қазан , 17:09

Түркі тілдес мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша халықаралық ұйым ретінде құрған Академия қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.

Д.Қыдырәлі Академияның зерттеу, ағарту және баспа жұмыстары туралы хабардар етті, сондай-ақ ХVIII ғасырдағы қазақ дипломатиясы туралы шетелдік мұрағаттарда табылған тарихи түпнұсқа құжаттар негізінде жазылған жаңа кітаптарды таныстырды.

Халықаралық Түркі академиясының президенті 2016 жылы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде «Жібек Жолының бойындағы үнқатысу» тақырыбы бойынша дипломаттар мен түрлі елдердің ғалымдары кеңінен қатысатын отырыс өткізу туралы жоспарымен бөлісті.
 




Яндекс.Метрика