Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2016 жылдың ақпанында СҚО-да балаларға арналған сапалы киiм шығарылады

СҚО р басшысы облыс орталығындағы әскери киiмтiгумен айналысатын «Прогресс» ЖШС тiгiн фабрикасында болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан28 Қазан , 18:14

Облыс әкiмi фабриканың цехтарын аралап, өнiм түрлерiмен танысты. Жұмысшылардың жалақылары мен оларға жасалып жатқан жағдайлар туралы сұрап бiлдi.

Кәсiпорын директоры Борис Бутыч қазiргi таңда фабрикада 145 қызметкер жұмыс iстейтiнiн және тағы 80-ге жуық маман қажет екендiгiн атап өттi.

«Кадрларды жаңадан оқытып шығарумәселесiн ойластырыңыздар.Бiзде жұмыс iстеуге әзiр жұмыссыз тiгiншiлер бар. Сондай-ақ, сiздiң фабрикаңызда солтүстiкқазақстандық оқушыларына арналған мектеп формасын тiгу мүмкiндiгiн де қарастыру қажет», — дедi Ерiк Хамзаұлы.

«Прогресс» тiгiн фабрикасы» ЖШС 30-дан астам киiм түрiн шығарады. Негiзiнен бұл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiне арналған әскери киiмдер.

Фабрика өз өнiмiн Қазақстанның барлық өңiрлерiне жөнелтедi.

Қазiр тiгiн фабрикасы белсендi түрде балаларға арналған сырт киiм тiгу бағытын меңгерiп жатыр. Балалар киiмi әзiрге толығымен экспортталуда.

«Нарықтан бiзге қажеттi үлгiнi таба алмағандықтан балаларға арналған сапалы киiм шығару идеясы пайда болды. Бiз алғашқы үлгiлерiн өңдей бастадық. Нәтижесiнде 160 үлгi ойлап таптық және «2016 Көктем-Күз» топтамасын шығардық. Топтамамыз қыркүйек айында Мәскеу қаласынының көрмесiнде ұсынылды. Бiздiң фабрикамыз бiрден ресейлiк, беларусьтық компаниялардан тапсырыс алды», — дейдi Борис Бутыч.

Қазақстандық тұтынушы отандық өндiрушiнiң киiмiн 2016 жылдың ақпан айында сатып ала алады. Өнiм нарыққа «IRBY» маркасымен шығатын болады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика