Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда қуат трансформаторын өндіретін тұңғыш зауыт ашу жоспарланған

Қазақстанда қуат трансформаторын өндіретін тұңғыш зауыт ашу жоспарланған , деді ОКҚ-да «Alageum Electric» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.
Астана қаласы28 Қазан , 14:21

«Орта бизнестегі көшбасшы-компанияларды қолдау үшін «Ұлттық чемпиондар» сияқты бағдарламаны іске қосу бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында көптеген компаниялар мемлекет тарапынан елеулі қолдау алды. Атап айтқанда, біз бағдарлама шеңберінде Шымкент қаласында кернеу сыныбы 220 және 500 кВ болатын қуат трансформаторларын өндіру бойынша Қазақстанда алғашқы зауыт салуды жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді «Alageum Electric» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.

Естеріңізге сала кетейін, «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысу үшін «Бәйтерек» холдингі «McKinsey&Company» халықаралық консалтингтік компанияның қызметкерлерімен бірігіп, 300 қазақстандық компания ішінен жобаға әрі қарай қатыстыру үшін шамамен 30 компанияны таңдап алды.

Бағдарлама мақсаты өңірлік және әлемдік деңгейдегі компанияларды қалыптастыру жолымен шикізат секторының бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру болып табылады.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика