Инвестициялар

2018 жылға қарай «Ұлттық чемпиондар» ортақ табысы 170 млрд теңгеге ұлғаяды

2018 жылға қарай «Ұлттық чемпиондар» ортақ табысы 170 млрд теңгеге ұлғаяды. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы Директоры – Басқарма мүшесі Қаныш Тулеушин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.
Астана қаласы28 Қазан , 14:05

«Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2018 жылға қарай 30 компанияның табысы 170 млрд теңгені құрайды деп жоспарлануда. 5 мың жұмыс орны құрылып, өндірілген өнімнің экспорты 35,5 млрд теңгеге көтеріледі, импорт 66,4 млрд теңгеге, ЖІӨ 85 млрд теңгеге өссе, бюджетке түсім 24 млрд теңгеге салық ретінде түседі», - деді ол.

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысу үшін «Бәйтерек» холдингі «McKinsey&Company» халықаралық консалтингтік компанияның қызметкерлерімен бірігіп, 300 қазақстандық компания ішінен жобаға әрі қарай қатыстыру үшін шамамен 30 компанияны таңдап алды. Бағдарлама мақсаты өңірлік және әлемдік деңгейдегі компанияларды қалыптастыру жолымен шикізат секторының бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру болып табылады.

«Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасын іске асыру шеңберінде әзірленді. Бағдарлама тұжырымдамасы АҚШ, Франция, Германия, Сингапур, Малай елі, Жаңа Зеландия сияқты елдерде қолданыстағы қолдау бағдарламаларының тәжірибесі ескеріліп әзірленді», - деді Қ.Тулеушин. 

Индира Кауметова  




Дерекнама

Яндекс.Метрика