Инвестициялар

«Ұлттық чемпиондар» жобасы аясында сегіз компанияға 16 млрд теңге сомасында қаржылық қолдау көрсетіледі

«Ұлттық чемпиондар» жобасы аясында сегіз компанияға 16 млрд теңге сомасында қаржылық қолдау көрсетіледі. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы Директоры – Басқарма мүшесі Қаныш Тулеушин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.
Астана қаласы28 Қазан , 13:52

««Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысу үшін «Бәйтерек» холдингі «McKinsey&Company» халықаралық консалтингтік компанияның қызметкерлерімен бірігіп, 300 қазақстандық компания ішінен жобаға әрі қарай қатыстыру үшін шамамен 30 компанияны таңдап алды. Бағдарлама мақсаты өңірлік және әлемдік деңгейдегі компанияларды қалыптастыру жолымен шикізат секторының бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру болып табылады», - деді ол.

«Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингі 16 млрд. теңге сомасына сегіз компания үшін қаржылық қолдауды мақұлдады», - деп өтті Қ. Тулеушин.

Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасын іске асыру шеңберінде әзірленді. Бағдарлама тұжырымдамасы АҚШ, Франция, Германия, Сингапур, Малай елі, Жаңа Зеландия сияқты елдерде қолданыстағы қолдау бағдарламаларының тәжірибесі ескеріліп әзірленді.   

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика