Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушылары Қазақстанда бірқатар жаңа өндіріс ошақтарын ашады

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысатын орта бизнес компаниялары бағдарламаға қатысу кезеңі ішінде елде бірқатар жаңа өндірістерді құруға ниетті. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы Директоры – Басқарма мүшесі Қаныш Тулеушин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.
Астана қаласы28 Қазан , 13:37

«Атап айтқанда, 3-5 жыл ішінде бағдарламаның қатысушылары Қазақстанда бұрғылау қондырғылары өндірісін, қуат траснформаторлары өндірісін іске қосуды, автомобиль аккумуляторларының жаңа брендін әзірлеуді, үлкен автобустар өндірісін іске қосуды, балалар тағамын өндіру бойынша жаңа зауыт, май дақылдарын өндіру бойынша зауыт, құс етін өндіру бойынша жаңа зауыт, гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт салуды, газбетондық блоктар мен мәрмәр өндірісін іске қосуды жоспарлар отыр», - деді Қ.Тулеушин.

«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы 2015 жылғы көктемде басталғаны белгілі.

Бүгінгі күні шамамен 30 компанияны іріктеу және оларды диагностикалау кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта қатысушы компаниялар үшін әзірленген даму бастамаларын енгізу кезеңі іске асырылуда. Таңдап алынған кәсіпорындарды қаржылық, институционалдық және консультациялық қолдау жүзеге асырылып жатыр.  

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика