Ұлттың денсаулығы

Қазақстан Риодағы Олимпиада ойына қатысу үшін 100 лицензияны ұтып алуды жоспарлауда – МСМ

Қазақстан Риодағы Олимпиада ойына қатысу үшін 100 лицензияны ұтып алуды жоспарлауда, деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру жөніндегі комитеттің төрағасы Ильсияр Қанағатов.
Астана қаласы28 Қазан , 13:18

«Ұлттық құрама команда алдында  спорттың 27 түрі бойынша 100 лицензия ұтып алу қарастырылған», - деді ол.

Бүгінде команда құрамасы 27 лицензияны ұтып алды.

Комитет басшысы атап өткендей, Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапалы өнер көрсетуі үшін елдің делегациясын дайындау бойынша шаралар қолданылуда.

Сондай-ақ, Паралимпиадалық ойындарға да дайындық мәселелері ерекше назарды қажет етеді, қазіргі таңда 17 спортшы спорттың 6 түрі бойынша лицензиялық нормативті орындады.

«10 лицензия алуды жоспарлап отырмыз», - деді И.Қанағатов.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика