Инвестициялар

«Қазатомөнеркәсіп» пен «Qatar Solar Energy» күн энергетикасын дамыту саласында бірлеcкен кәсіпорын құрады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Катар мемлекетіне ресми сапары шеңберінде, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев және «Qatar Solar Energy» директорлар кеңесінің төрағасы Салим Аббаси күн энергетикасы саласында бірлескен кәсіпорын құру туралы шектелмелі келісімге қол қойды, деп хабарлады «Қазатомөнеркәсіп» АҚ.
Әлемде28 Қазан , 18:52

Құжат екі елдің жаңармалы энергия көздері саласында өзара тиімді әріптестігін жетілдіруді қарастырады. Келісімге сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» катарлық «Qatar Solar Energy» компаниясының стратегиялық акционері болып, күн батареяларын шығарудың шикізаттан бастап, электр энергиясын өндіруге дейінгі тізбегін кеңейту мүмкіндігіне ие болады. Тараптар күн модульдерін жасап шығару үшін сапасы аса жоғары қазақстандық кремнийді пайдалануға келісті.

«Бұл бірлескен кәсіпорын біздің сала үшін стратегиялық маңызды қадам, өйткені біз қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыруды көздейміз. Біз 1000 мегаватт қуатқа дейінгі құймалар мен ұяшықтар шығара аламыз», - дейді «Қазатомөнеркәсіп» басшысы Асқар Жұмағалиев.   

«Катар мен Қазақстан әлемде жоғары экономикалық өсімді көрсетіп, өз экономикаларын жаңа өнім өткізу нарықтарын іздеумен әртараптандыруға ұмтылуда. Бұл күн энергетикасы даму үшін мықты халықаралық драйвер екеніне айқын дәлел. Жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы біз Өскемендегі өндірісті кеңейтуді көздейміз. Қазақстанда жасалған жартылай өткізгішті пластиналар мен фотоэлементтер Қатарға жеткізіліп, біздің елде күн батареялары құрастырылатын болады», - деп атап өтті «Qatar Solar Energy» директорлар кеңесінің төрағасы Салим Аббаси қол қою рәсімінен соң.

«Qatar Solar Energy» компаниясы - Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағындағы сатылас интеграцияланған үдеріске ие тұңғыш  фотовольтаика өнімдерін шығарушы. Компания жылдық қуаты 300 МВт-ты құрайтын күн панельдерін шығаратын зауыт ашқан, ол Доха қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан.

 

 




Яндекс.Метрика