Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда 20 ұлттық спорт түрі белсенді дамуда

Қазақстанда 20 ұлттық спорт түрі белсенді дамуда, оған 266 мың жұмылдырылған, деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Ильсияр Қанағатов Министрліктің алқа отырысында.
Астана қаласы28 Қазан , 13:04

«Республикада 20 ұлттық спорт түрі белсенді дамуда, оған 266 мың жұмылдырылған», - деді И.Қанағатов.

Оның айтуынша, аталмыш спорт түрлерін насихаттау мақсатында 2,4 мың сайыс өткізілді.

Комитет басшысының айтуынша, қазақша күрес бойынша «Қазақстан барысы» республикалық туринирін өткізу дәстүрге айналды. Ол халық алдында танымалдылыққа ие.

Сондай-ақ, оның айтуынша, республикада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 10 спорт мектебі бар, 2 мектеп аталмыш спорт бойынша ашылған. Жыл сайын 40 халықаралық және республикалық чемпионаттар өтеді. Оған 5 мың адам қатысады.

Жыл басынан бері осы спорт түрі бойынша 85 медаль алынды, оның ішінде 17 алтын, 28 күміс және 40 қола медаль.

 




Яндекс.Метрика