Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

М.Мұханов: Doing Business рейтингіндегі көрсеткіштің жақсаруы ҚР-да кәсіпкерліктің дамуын көрсетеді

Аталмыш рейтинг Қазақстан Үкіметінің негізгі қызметтерінің бірі кәсіпкерлікті дамыту болып есептеледі. Бұл туралы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұханов ОКҚ-да айтты.
Астана қаласы28 Қазан , 12:26

Өткен жылы Қазақстанда отандық кәсіпкерлер үшін бизнесті енгізу шаралары жеңілдетілді. Жалпы, бизнесті ашу бойынша уақыт пен қаржының кету деңгейі бойынша үрдістер саны 4 бірлікке қысқарды, ал уақыт 16,5 күнге қысқарды.

«Аталмыш рейтинг кәсіпкерлікті  дамыту ҚР Үкіметінің басты мақсаттарының бірі болғандығын көрсетті. Жүйелік өзгерістер енгізілді, олар тәжірибелік орнын тапты. Жалпы, 2016 жылдың рейтинг  қорытындысы ҚР Үкіметі жүргізген жұмыстың оңтайлылығын байқатты», - деді М.Мұханов.

Оның айтуынша, Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік негізгі бағыттарының бірі болып саналады.

«Соңғы жылдары іскерлік ортаны жақсарту мен бизнестегі әкімшілік кедергіні төмендету бойынша бірқатар шаралар қолданылды. Сондай-ақ, келер жылы біздің көрсеткіш оң болады деп ойлаймыз. Бұл мақсатта Үкімет пен Елбасы айтқан 5 институционалды реформа жұмыс істейтін болады», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика