Мәдениетті жаңғырту

Мариинский театрының әртістері қазақстандық «Аққу көліне» қатысады (ФОТО)

Мариинский театрының премьерлері: халықаралық конкурстардың лауреаты Оксана Скорик пен Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Евгений Иванченко П. Чайковскийдің «Аққу көлінде» өнер көрсетуге шақыртылды. Спектакль 2 қарашада «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 28 Қазан, 20:43

Композитор әлемдік хореографиялық классиканың жауһарын 1875 жылы жазған. Елордалық театрдың сахнасында аталған балет қазақстандық қоюшы хореографтар, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаеваның нұсқасында  қойылады.  

«Аққу көлінің» негізіне, халық арасында кеңінен тараған ауыз әдебиеті ертегісіндегі зұлым күштің дуасынан құсқа айналған қыз жайлы оқиға алынған. Чайковскийдің балетінде Зигфрид ханзада (Евгений Иванченко) Одеттаны (Оксана Скорик) құтқарады, алайда ол жазмыштан асып кете алмай, опасыздық танытады да, қайғылы оқиғаның себепкері болады. Ханзада сарайындағы балға Одеттадан айнымайтын Одиллия келеді, алайда ол Одеттадай нәзік әрі ұялшақ емес, еліктіргіш те, зұлым еді. Адалдық антын бұзған Зигфрид, шын мәнінде Одеттаға берік еді. Әйтсе де қателігін түсінген ханзада өз махаббатын мейірімсіз данышпан Ротбартпен күрес кезінде дәлелдейді.

«Мен үшін бұл қашанда ең күрделі спектакль, солай болып қала береді. Техника мен кейіпкерді сомдау тұрғысынан алғанда. Барлық қиыншылықтарға қарамастан, мен оны өте жақсы көремін. Нәзік, жүректі қозғайтын, кейде толқып, шамалы жатсынып тұратын, сөйте тұра нағыз махаббатқа сенген Одеттаны, және жарқырағаны болмаса, бос кеуде, еліктіріп әкететін һәм әміршіл Одиллияны орындау – ең негізгі мақсат. Олардың екеуі де жаныма жақын. Бойымнан екеуі де табылады, сол себепті мен сахнада ойнамаймын, өз сезімімді бастан кешемін деуге болады. Мен бұл бейнелерді үнемі бүкпесіз орындауға тырысамын», - дейді Оксана Скорик.  

Балеринаның өмірі мәнді әрі түрлі оқиғаларға қанық. Осынша жас шағында ол тек театр сахнасында ғана бағын сынаған жоқ, оның қоржынында «Тамаша трагедия» атты фильмде басты кейіпкерді сомдаған жарқын бейнесі де бар. Оның сахнадағы серігі – Евгений Иванченко – Мариинский театрының ханзадаларының бірі, ұзақ уақыт бойы Үлкен театрда билеген.

Жақында Скорик-Иванченко дуэтіне 5 жыл толды.  

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика