Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан Doing Business рейтингінде реформалар саны бойынша көшбасшыға айналды

Осы жылы Қазақстан реформалар санының көптігі бойынша елдер қатарына енді: бір жыл ішінде 10 бағыт бойынша 7 реформа жүргізілді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұханов мәлімдеді.
Астана қаласы28 Қазан , 12:08

Қазақстан рейтингте  ашылғаннан бері қатысып келеді. Рейтинг жұмыс істеген 13 жыл бойы Қазақстан бірнеше рет қатарынан жүргізілген реформалар санынан көшбасшы атанды. Осы жылы Қазақстан реформасы көп елдердің қатарына енді.

«10 бағыт бойынша 7 реформа өткізілді. Қазақстан бизнесті енгізуге қолайлы жағдай жасау бойынша көшбасшыға айналды. Бұл жұмыс өзіндік дамуды қажет етеді, оны жүзеге асыру үшін 5 институционалдық реформа бар, халықаралық сарапшылардың  пікірінше, ШОБ-ті дамытуға қосқан үлес ретінде бағаланды», - деді ол.

Көшбасшы атанған Ресей мен Гонкгонгте 4 реформа жасалынған болатын. Айта кетерлігі, Қазақстан реформалар санына емес, тиімділік пен жүзеге асырулың сапасына қарайды.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика