Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан «Doing Business» рейтінгенде өз позициясын 36 сатыға жақсартты

Қазақстан «Doing Business» рейтінгенде өз позициясын 36 сатыға жақсартты, қазіргі таңда «Doing Business 2016» рейтингісінде Қазақстан 41-орынға көтерілді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұханов мәлімдеді.
Астана қаласы28 Қазан , 12:01

«Дүниежүзілік банк жыл сайын бизнесті қолдау шараларын жүргізіп келеді. Банктің есебіне сәйкес Қазақстан 2015 жылы «Doing Business 2016» рейтингінде 189 ел арасынан 41-орынды алып отыр. Бұл еліміздің тарихында ең елеулі оқиға, ең жоғары көрсеткіш. Былтыр 77 орында болсақ, биыл сол көрсеткіштен 36 сатыға көтерілдік», - деді ол.

Оның айтуынша, еліміздегі көптеген реформаларға, жұмыстарға байланысты біз осы нәтижеге жетті.

«Бұл ретте Үкімет қолданыстағы заңнамаға реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнесті құру рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау, қадағалау қызметін оңтайландыру, еліміздегі бизнестің ахуалын жақсарту мақсатында заңға өзгертулер енгізуіне байланысты осындай көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз. Дүниежүзлік рейтингке сәйкес, біз 50 дамыған елдің қатарына қосылдық деп есептеуге болады», - деді М.Мұханов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика