Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев: ЕО-ның үлесіне Қазақстанның 100 млрд долларлық шетелдік инвестициялары тиесілі (ФОТО)

Елдiң жалпы тауар айналымы мен шетелдк инвестиция көлемiнiң жартысына жуығы – 100 млрд. доллар Еуроодаққа тиесiлi. Бұл жөнiнде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгiн Ақордада бiрқатар мемлекеттер мен ЕО өкiлдiгiнiң елшiлерi Қазақстан Республикасының Президентiне сенiм грамоталарын тапсыру кезiнде мәлiмдедi.
Астана қаласы 28 Қазан, 11:57

«Қазақстан әрдайым сындарлы диалогқа жол ашады. Бiз Сiздердiң мемлекеттерiңiзбен және ұйымдарыңызбен ықпалдастық аясын кеңейте түсуге ниеттiмiз. Еуропалық Одақ – Қазақстанның әлемдегi басты сауда және инвестициялық серiктесi. Елдiң жалпы тауар айналымы мен шетелдк инвестиция көлемiнiң  жартысына жуығы – 100 млрд. доллар Еуроодаққа тиесiлi. Еуропалық Одақ Қазақстанның әлемдегі басты сауда және инвестициялық серіктесі. Елдің жалпы тауар айналымы мен шетелдік инвестиция көлемінің жартысына жуығы ЕО-қа тиесілі. Менің былтырғы қазан айындағы Брюссельдегі сапарым кезінде Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды», - деді Елбасы.

Осы тарихи құжатқа қол қою үшін Еуропалық Одақ басшылығының Астанаға ресми сапармен келуін күтеміз. Бұл қадам Қазақстан мен ЕО қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашады. Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігінің таратқан мәліметіне қарағанда, Қазақстан Еуропалық Одақпен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім жасасатын Орталық Азиядағы тұңғыш серіктес болып табылады. Жақын арада қол қоюға жоспарланған келісім 1999 жылғы Серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісімді алмастырып, ЕО-Қазақстан қарым-қатынастарының заманауи және берік іргетасын қалайды.

Атап өтсек, бүгiн Ақордада Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкiлдiгiнiң жаңа елшiсi Траян Лауренцю Христеа Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа сенiм грамоталарын тапсырды. Сонымен қатар, Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Андраш Барани, Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Мачей Ланг, Вьетнам Социалистiк Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшiсi Доан Тхи Хиен Суан және Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Невзат Уянык та Елбасына сенiм грамоталарын табыс еттi. 

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика