Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Тәуелсіздік және әділдік – ҚР Судьяларының этика кодексі жобасының негізгі талабы (ВИДЕО)

Тәуелсіздік және әділдік – ҚР Судьялары этика кодексі жобасының негізгі талабы, деді Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті жетекшісінің орынбасары Әсия Касенова Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 28 Қазан, 12:39

«Жоғарғы сотта ҚР Судьяларының этика кодексінің жобасы  әзірленді. Бұл жобаның дайындалуында  біз судьялардың әділ әрі нақты шешім қабылдауы мен шынайы шешім қабылдау сынды мәселелерге назар аудардық, себебі судьялардың мәртебесін осы сынды қасиеттер ғана көтереді. Кодекс жобасында судьялардың жоғары стандарты сот органдарына сенімділігін арттырады», - деді Ә.Касенова.

Жоғарғы соттың сарапшысы атап өткендей, кодекс жобасында судьялардың әділдігі мен тәуелсіздігі белгіленген.

«Сондай-ақ, судьяның өзін ұстау тәртібі енгізіледі. Мәселен, сот жүйесіне қатысты емес жағдайларда скдья өзінің құзыретін өзінің пайдасын шешу үшін қолданылмауы тиіс. Осы орайда, Конституциялық заң негізінде, судьялардың этика кодексі  негізінде азаматтар қажеті органдарға судьялардың қызметіне байланысты хабарласа алады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 





Яндекс.Метрика