Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі – республика экспорттаушылары үшін басымдылық (ВИДЕОЛЕКЦИЯ,5 БӨЛІМ)

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі республика экспорттаушылары үшін басымдылық болып табылады, себебі сыртқы нарықта оларға бірдей тәртіптер қойылатын болады, деді «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры Асқар Арынов Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 28 Қазан, 14:32

«19 жыл бойы біз Қазақстанның  ДСҰ-ға енуі бойынша келіссөздер жүргіздік, бұл біздің  сарапшылар іске өте жауапты қарағанын білдіреді. ДСҰ ішкі және сыртқы нарықты қамтиды. Ішкі нарықты көздеген тауар өндірушілер үшін  - бұл жаңа сынақ. Бұл жаңа кәсіпорындардың ашылуы, себебі өзге елдер Қазақстан нарығына енетін болады, бұл бәсекелестікті арттырады. Бәсекеге болған жерде сапа мен баға өзгереді. Сыртқы нарықтар туралы айтатын болсақ, біздің экспорттаушылар үшін ДСҰ-ға ену басымдылық болып саналады, олар өзге елдердің нарығында бәсекеге түсе алады», - деді А.Арынов.

Сарапшы атап өткендей, осы орайда KAZNEX INVEST индустрияландырудың екінші бежылдығы аясында өндірушілер үшін отандық  өндірушілерді қолдаудың екі әдісін енгізді.

«Біріншіден, KAZNEX INVEST шетелдегі  өкілдігі отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетеді. Халықаралық тәжірибе бойынша, аталмыш өкілдіктің ашылуы сауданың жылына 6-7 пайызға дамуына серпін береді», - деді сарапшы.

А.Арынов айтып өткендей, Қазақстан Даму банкімен бірлесіп сауданы қаржыландыру бойынша жаңа құрылғылар енгізілді, оның нәтижсесінде отандық өндіруші өнім өндіруге орай ұзақмерзімді және қысқамерзімді келісімдерді жүзеге асырады.

ҚР Ұлттық қорынан бөлінген 35 млрд теңгені 10 компания алды, олар шығарып отырған өнім болашақта экспортқа шығады.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика