Құжат спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шараларын ұйымдастыруға, өткізуге байланысты құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталады. Бұл ретте шараларды өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құратын болады. Олар шараларды өткізуге тартылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Жеке тұлғалардың мәдениет, дене шынықтыру, спорт саласындағы құқықтары мен міндеттері айқындалып, олардың шараларға баруы кезіндегі тыйым салулары мен шектеулері кеңейтіледі. Осыған байланысты жеке тұлғаларға аталған шаралардағы мінез-құлықтың қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізіледі», - деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев атап өткендей, ұйымдастырушыларға жергілікті атқарушы органдарға шараға қанша адам қатысатынын, олардың жоспарлы санын алдын ала хабарлау жауапкершілігі жүктеледі.
Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ, «Мәдениет туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға өзгертулер енгізілуде.
Анар Тәңірқұлова