Өңірлер

ОҚО-да «Нұр Отан» партиясы жұмысының қорытындысы талқыланды

Шымкентте «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область28 Қазан , 14:47

Конференция делегаттары атқарылған жұмыстарды қорытындылап, Саяси кеңес пен Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгеріс енгізу мәселелерін талқылады.

Конференцияны қорытындылаған өңір басшысы, облыстық партия филиалының төрағасы Б.Атамқұлов партия активіне алдағы атқарылатын міндеттер бойынша нақты тапсырмалар беріп, партиялық құрылымдардың белсенділігін арттыру қажеттілігін атап өтті.  

Айта кетейік,  Оңтүстік Қазақстанда 288 алғашқы партия ұйымы, 88 мыңнан астам партия мүшесі және 23 мың «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері бар.




Яндекс.Метрика