Инвестициялар

«Самұрық-Қазына» АҚ 1,5 млрд доллардың синдицирленген несие желісін ашу туралы келісіміне қол қойды

«Самұрық-Қазына» АҚ бес жылдық синдицирленген шұғыл несие желісін ашу туралы Келісім шарт жасасты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан28 Қазан , 11:23

MUFG Group (бұдан ары - BTMU) мүшесі болып табылатын The Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ, Ltd.-ға бұл шарттағы жалғыз үйлестіруші өкілеттігі берілді. Яғни ол Қорға алғашқы транзакцияны ұсына отырып, аталған Несиені ұйымдастырушы, қаржыландыру жөніндегі жетекші Өкілетті әрі ұйымдастырушы болады.

Осылайша BTMU бұл несиені анықтау жөніндегі келісімге қаржыландыруды Ұйымдастырушы және Өкілетті жетекші ұйымдастырушы болып, JP Morgan Chase Bank, N.A., Mizuho Bank, Ltd, Sumitomo Mitsui Banking Corporation және қаржыландыруды Жетекші ұйымдастырушы Credit Suisse AG және Deutsche Bank AG қатарына қосылды.  

Жалпы сомасы 1 млрд долларды  құрайтын несие туралы бұл шартта «Самұрық-Қазына» қоры түпкі келісім шарт көлемін  $1,5 млрд. дейін ұлғайта алады деген тармақ бар.

Аталған несие «Самұрық-Қазына» қорының зор табысы. Өйткені ол KMG Kashagan жобасындағы ҚМГ акцияларының 50% қайта сатып алу мақсатына бәсекелі орта шарттарына сай, жоғары беделді халықаралық банктер синдикатын құра отырып, қаржыландыру тарта білді. 




Яндекс.Метрика