Мәдениетті жаңғырту

Мәскеуде Қазақстан және Ресей қаламгерлерінің екінші кездесуі өтті

Қазақстан және Ресей жазушылары жие кездесе бастады. Былтырғы жылы қараша айындағы бірінші кездесу Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің бастамасымен өткен болатын, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Әлемде 28 Қазан, 11:06

Ендіше, "Қазақстан – Ресей" әдеби альманахтың бірінші басылымның таныстыру рәсімі жаңадан бас қосуға себеп болды. Салтанатты іс-шара ү.ж. 27 қазанда Ресей Мемлекеттік Кітапханасының Шығыс әдебиетінің орталығында өткізілді. Альманахты Қазақстан жазушылар одағы "Литературная газета" және "Роман-газетамен" бірлесе отырып, Мәскеудегі қазазақстанның дипломатиялық өкілдігінің қамқорлығымен басып шығарды.

Жиынтыққа Олжас Сүлейменов, Юрий Поляков, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Владимир Личутин, Нұрлан Оразалин, Лев Аннинский, Әбіш Кекілбаев, Евгений Рейн, Бақытжан Қанапиянов және тағы басқа екі елдің атақты жазушыларының шығармалары кірді.

Қазақстан-ресейлік жиынтықтың тұсаукесер рәсіміне Ресейдегі Қазақстан Елшісі Марат Тәжин, халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі Ресей Президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой, ақын және қаламгер Олжас Сүлейменов, "Литературная газетаның" бас редакторы Юрий Поляков, "Роман-газетаның" бас редакторы Юрий Козлов, шығармалары альманахқа кірген бірқатар жазушылар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, екі елдің көркемөнер зиялыларының өкілдері, белгілі ресейлік ғалымдар мен журналистер және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Іс-шараны бастаған Марат Тәжин Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "біз мәдениетіміздің ерекшелігіне жататын: өз ана тілімізді, руханиятымызды, дәстүрімізді, құндылықтарымызды сақтасақ қана, қазіргі заманғы қыр көрсетулеріне тиісінше жауап бере алатынымызды естен шығармау қажет..... Мәдени кодын (ерекшелігін) жоғалтқан ұлт өзін жоғалтқанымен бірдей болады. Бұны болдырмау амалын жасау тиіспіз", – деген сөздерін келтіріп айтты.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика