Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда шетелдік инвесторлармен дауды шешуді жүзеге асыратын судьялардың арнайы құрамы дайындалуда (ВИДЕО)

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен өтетін дауларды Астана қаласының сотында мамандандырылған судьялар тобы қарайды, деді Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті жетекшісінің орынбасары Әсия Касенова Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 28 Қазан, 10:34

«Қазақстанда соңғы жылдары мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын көтеру бойынша бірқатар шаралар қолданылды. Сот жүйесі де бұл үрдістерден ада қалған жоқ. ҚР Жоғарығы сотында  әділдікті сақтау  жүйесін жаңғырту бойынша бірқатар  шаралар жүзеге астырылды. Тиімді сот жүйесінсіз әділеттік орнату мүмкін емес. Әділдік орнату мемлекет қызметінің тиімді жұмыс істеуінің кепілі, бизнес пен азаматтардың құқығын қорғау болып табылады», - деді Ә.Касенова.

ҚР Жоғарғы соты бастамаларының ішінде инвестициялық сот жүйесін құру қарастырылған.

«Біздің жоспарлауымызша, шетелдік инвесторлардың қатысуымен өтетін барлық сот даулары Астананың сотында мамандандырылған құраммен қарастырылатын болады. Сондай-ақ, мамандандырылған ұжым Астана қаласы сотының шешіміне байланысты қайта қарауға өтініш беруші сот ретіде саналады. Бұл орайда біз үш мақсатты көздедік: осы санаттағы сот даулары жоғары кәсібилік тұрғыда қарастыру, біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру, шетелдік инвесторлар тарапынан істің шешіміне  жергілікті органдардың әсері болуы мүмкін екен күмәннан арылту. Бұл инвестициялық сот жұмысының пішінін жүзеге асыру үшін аз жұмыс жасалған жоқ», - деді Ә.Касенова.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика