Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Биылғы жылдың 9 айында ҚМГ БӨ 9 мың тоннадан астам мұнай өндірді

2015 жылдың алғашқы тоғыз айында «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есептегенде, ҚМГ БӨ 9 245 мың тонна (тәулігіне 251 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% артық, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан28 Қазан , 15:02

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 4 115 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123 мың тоннаға (тәулігіне 3 мың баррель) немесе 3% артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 104 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 мың тоннаға (тәулігіне 0,2 мың баррель) кем. Нәтижесінде ӨМГ мен ЕМГ жалпы өндіріс көлемі 6 219 мың тоннаны (тәулігіне 168 мың баррель) құрады, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2% артық.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы ҚМГ БӨ үлесі 2015 жылдың алғашқы тоғыз айында 3 026 мың тоннаны (тәулігіне 83 мың баррель) құрады, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3% кем, және негізінен ПҚИ компаниясындағы мұнай өндіру көлемінің жоспарлы түрде азаюына байланысты.

Ішкі нарыққа жөнелтілген 1 898 мың тонна (тәулігіне 50 мың баррель) мұнай мен мұнай өнімдерінің 1 715 мың тоннасы (тәулігіне 45 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына ӨМГ мен ЕМГ қорынан жеткізілді, 140 мың тоннасы (тәулігіне 4 мың баррель) ЕМГ қорынан Павлодар мұнай-химия зауытына жөнелтілді. Сонымен қатар, 43 мың тонна (тәулігіне 1,2 мың баррель) мұнай өнімдері ішкі нарыққа сатылды.

 




Яндекс.Метрика