Өңірлер

Зәуреш Аманжолова «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары болып бекітілді

Зәуреш Аманжолова «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары болып бекітілді. Бұл шешім партияның қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында мақұлданды.
Алматы қаласы27 Қазан , 19:13

З.Аманжолованы құттықтай отырып, өз сөзінде Б.Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалына тұңғыш рет әйел басшы бекітілгенін және қоғам мен саяси өмірде әйелдердің белсенділігі мен рөлінің  күн санап артып келе жатқанын атап өтті.

«Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің басшылығымен өткен партия қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында филиал төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжановтың қалалық Дін істері жөніндегі басқармаға қызметке ауысуына байланысты, Төрағаның бірінші орынбасары болып, партия қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, қала әкімінің бұрынғы орынбасары Зәуреш Аманжолова бекітілді.

Мысалы, «Нұр Отан» партиясы құрамында 60 пайызға жуық нәзік жандылар қызмет етсе, Алматы қалалық филиалында бұл көрсеткіш 44 мыңға жетіп отыр. Мегаполис басшысы Бюро мүшелері шешім қабылдарда «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында айқын көрсетілген азаматтардың өзін-өзі танытуына мүмкіндік беретін бірлік, әділеттілік, теңдік сияқты негізгі құндылықтарды басты назарға алғанына тоқталды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика