Өңірлер

Алматыда «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының жаңа ғимараты ашылды

Алматы әкімі Б.Байбек «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының жаңа ғимаратының ашылуына қатысып, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы қаласы 28 Қазан, 09:13

Биылғы жыл «Бастауыш партия ұйымдары жылы» ретінде аталып өтуде. Бүгінде қаламызда 65 мыңнан аса мүшесі бар 654 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды, соның 145-сі осы Алмалы ауданында. Олар – қоғамның нағыз бастаушысы, жақсы істердің ұйытқысы ретінде барша көпшілікке үлгі көрсетіп келеді.

Ондағы мақсат – бастауыш ұйымдар арқылы елдің тұрмыс-тіршілігімен жақын танысып, партия шешімдерінің қалай жүзеге асып жатқанынан хабардар болу.

«Бүгінгі ғимарат осындай игі мақсатпен халық үшін пайдалануға беріліп отыр. Аудандық филиалдар халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты жүйелі жұмыс істеуді қамтамасыз етуі тиіс. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ел өміріндегі орнын ұдайы жоғары бағалап, үлкен жауапкершілік арқалайтынын күн тәртібінен түсірген емес», - деді қала әкімі.

Сондықтан, бастауыш ұйымдар партиямыздың ел өміріндегі негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды. Бұл бағытта партия белсенділері ашықтық принципімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрқашан алғы шепте жүріп, мемлекеттік орандардың халық алдындағы есептілігін қадағалап отыруы қажет, деді ол.





Яндекс.Метрика