«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Нұрлы жол: «Қорғас» АЭА Азия мен Еуропа көлік дәлізін жалғап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Халық саясаты консультативтік кеңесінің төрағасы Чжон Кунның басшылығымен Ляньюньган (ҚХР) қаласының Халық Үкіметі делегациясы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ын аралады.
Алматы28 Қазан , 08:56

Қытай делегациясы Қазақстанға «Қорғас» АЭА мен Ляньюньган қаласындағы ШЫҰ Халықаралық логистикалық аймағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді біріге отырып жүзеге асыру мақсатында келді.

«Аталған келісімге Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың  ҚХР-на ресми сапары аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Цзянсу провинциясы арасында 2015 жылдың 31 тамызында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға 600 миллион доллардың келісіміне қол қойған. Жалпы инвестициялық соманың 100 миллион доллары логистикалық аймаққа бөлінсе, 500 миллион доллары АЭА индустриялық аймағындағы нақты жобаларға арналады», - деп хабарлады Ұлттық компания.

АЭА келген қытай делегациясы «Қорғас-Шығыс қақпасы АЭА тұсаукесеріне қатысып, Құрғақ порт нысандарына экскурсия жасады. АЭА индустриялық және логистикалық аймағымен танысты. Қытай тарабы «Қорғас Cate way»Құрғақ порты жұмысымен танысу кезінде ондағы салықтық. кедендік жеңілдіктер, индустриялық аймақтағы өнеркәсіптің басымдықты салаларына назар аударды.

«KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаевтың басқаруымен өткен  өзара келіссөздің жұмыс кеңесі кезінде  бірлескен жобаларды жүзеге асыру және АЭА индустриялық аймағының даму моделін түзу үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы жұмыс тобын құру мәселесі талқыланды.

Тараптар Астанада серіктестікті одан әрі дамыту бойынша келісімге қол қою туралы уағдаласты.

«Қорғас-Шығыс қақпасы АЭА Еуропа мен Азия арасын жалғап, географиялық жағынан тиімді орналасуы көлік-логистика саласын дамытуға мол мүмкіндік береді. Жоба Мемлекет басшыларының келісімін алған. Сіздің еліңіз инвестициялық ахуалды жақсартуға көп еңбек сіңірді. Біз «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА табысты болатындығына зор сеніммен қараймыз»,-деді Ляньюньган қаласы Халық саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Чжон Кун.

«Мамыр айында ғана АЭА болғанбыз. Осы қысқа мерзімде ғана көп жұмыс атқарылыпты. Біз Құрғақ портында тұрақты серіктестерді  жұмылдырып, тиісті қаржы тартуға мүдделіміз»,-дейді «Ляньюньган қазақстан-қытай логистикалық компаниясы» ААҚ бас директоры Лю Бинь.

«Қорғас» АЭА-на келген қытай делегациясының құрамында бизнес құрылымдардың 30 өкілі бар.

 




Яндекс.Метрика