Инвестициялар

Қазақстан «Астана» қаржы орталығының жобасына жапондық компаниялардың белсенді қатысуын күтеді

Қазақстан «Астана» қаржы орталығының жобасына жапондық компаниялардың белсенді қатысуын күтеді, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қазақстан-Жапония бизнес форумы аясында.
Астана қаласы27 Қазан , 17:32

«Экспо сити базасында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы құрылды. Ол өзінің бойынша  АҚШ, Сингапур, Ұлыбританияның қаржы нарықтарының  моделін сіңіреді. Қатысушыларды тарту  үшін жағдай жасалды, іс өндірісі, құқық, тіл және сот ісі қарым-қатынасын реттеу енгізілді», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы инвестициялық  дауларды шетелдік судьялар қарайды, ал орталықтың қатысушылары  корпоративтік және жеке салықтан ұзақ мерзімге босатылады.

«Олар шетелдік жұмыс күшін рұқсат қағаздар мен келісімсіз тарта алады. Барлық аталған талаптар оның ішінде Астана инфрақұрылымы да бар, әлемдік қаржы орталығындағы жүйеде негіз құруға мүмкіндік береді», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев Қазақстан экономиканы мемлекетсездендіру шараларын жалғастырып жатқанын айтты.

«Тізімге тау-кен саласы, мұнай өндіру саласы, энергетика, көлік, байланыс, инфрақұрылымдық нысандардың мемлекеттік топтамалары енгізілді. Сіздердің қатысуларыңыз біздің мемлекетаралық ынтымақтастығымыздың жарқын көрінісі болар еді», - деді Мемлекет басшысы.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика