Парламент

Сенатор И.Адырбеков БҰҰ АҚЖКБ өкілімен кездесті

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы Аймақтық өкілінің міндетін атқарушы Элизабет да Коштамен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қазан , 18:47

Сенатор Қазақстан адам құқықтарынқолдау және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаларынан айнымайтынын атап өтті. Э. да Кошта АҚЖКБ-ның Орталық Азиядағы Аймақтық өкілдігінің жұмысы туралы жан-жақты хабардар етті.

Тараптар Қазақстанның мемлекеттік органдары мен АҚЖКБ-ның Орталық Азиядағы Аймақтық өкілдігінің нәтижелі ынтымақтастығын атап өтті. И.Адырбеков адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттар мен үкіметтік емес ұйымдарға көрсетілген техникалық және кеңестік тұрғыдағы көмегіне орай АҚЖКБ-ге ризашылық білдірді.
 




Дерекнама

Яндекс.Метрика