EXPO-2017

ҚР Президенті: Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға тартылатын 20 басым елдің құрамында бар

Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға тартылатын 20 басым елдің құрамында, деді Астанада Қазақстан-Жапония бизнес форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Астана қаласы27 Қазан , 17:18

«Кең ынтымақтастықтың келешегі Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында  ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мүмкіндігін туғызып отыр, біз экологияның сақтиалуына, қолжетімді  таза энергияны өндіруге үлес қосқымыз келеді», - деді Елбасы.

ҚР президенті  атап өткендей, көрмеге ресми түрде қатысуды 42 ел мен 4 халықаралық ұйым  растады.

«Жапония Үкіметі де ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын растады.  Айта кетерлігі, Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға тартылатын  20 басым елдің құрамында енеді», - деді Н.Назарбаев.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика